Реклама от asia.kz: Создайте себе сайт-визитку бесплатно!
Конструктор сайтов и интернет - магазинов в казахстане
asia.kz/create/site/

Біздің ұран:

Маххабатпен балаларға

Жұмыс уақыты

дс.-сн. 09:00-19:00
Жс. - демалыс

+77773858101

Қармақшы ауданы (Қызылорда облысы) Абай көшесі 104

 №1 санаториялық ясли-бақша 

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫН ЖҤЗЕГЕ АСЫРУ ЖАu

ТҤСІНДІРМЕ ЖАЗБА Бүгінгі күні педагогтердің алдына қойылған міндет: белсенді, білуге құмар еліміздің ертеңі - жас ұрпақты тәрбиелеу. Қазіргі уақытта білім беру тәжірибесінде баланың танымдық әрекеті басым бағытқа ие болатын бала дамуының жаңа моделіне кӛп кӛңіл бӛлінуде. Жобалау зерттеу әрекеті бала жаратылысына және тәрбие мен оқытудың заманауи талаптарына неғұрлым толығырақ сәйкес келетін зерттеу проблемалық, шығармашылық әдістер жиынтығын қамтитын инновациялық әрекет. Жобалау әдістері ХIХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басында АҚШ-та пайда болды, оның негізін салған америка философы, психолог және педагог Дж. Дьюи, ол баланың жеке қызығушылығын ескеріп, оқытуды әрекеттерді мақсатқа сәйкестендіру негізінде жүргізуді ұсынды. Осы әдістің одан әрі дамуы У.Х. Кильпатриктің, Э. Коллингстің, Е. Пракхерстің, И.Ф. Свадковскийдің, С.Френнің және т. б., еңбектерінде кӛрініс тауып, бүгінгі күні де ӛзінің ӛзектілігін жоғалтқан емес. Бұл әдістің негізгі мақсаты таным процесін баланы кез-келген әрекетке емес, зерттеу сипатындағы әрекетке енгізу арқылы ұйымдастыру. Балалармен зерттеу жұмысын жүргізудің басты құндылығы мынада, ол ақыл-ойды қалыптастырады, сӛздік қорды байытады, бала тұлғасының дамуын ынталандырады. Жобалау зерттеу әрекетінің ӛзектілігі барлық білім беру салаларынан ӛтіп, баланың есте сақтауын дамыту, ойлау процестерін белсендіру, балаларға зерттелетін нысанның әртүрлі тұстары, оның басқа нысандармен және тіршілік ету ортасымен байланысы туралы шынайы түсінік беруінде. Сонымен бірге, ғалым- педагогтар мектепке дейінгі ұйымдарда жобалау әдістерін іске асыруда негізгі мәселелерді анықтады, олар: зерттеу әрекетінде бала дамуына ықпал ететін біртұтас тәсілдің жеткіліксіздігі және педагогтардың жобалау зерттеу әрекетіне дұрыс басшылық жасай алмауы. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – Стандарт) талаптарына сәйкес бала дамуының негізгі деңгейі ретінде мектепке дейінгі білім беруге кӛзқарас елеулі түрде ӛзгерді. Бұл кезеңде бала ӛзін және ӛмірдегі ӛз орнын сезіне бастайды, қарым- қатынас жасауға, басқа балалармен және ересектермен ӛзара әрекет етуге үйренеді. Жобалау әдісін қолдана білу – педагогтың жоғары біліктілігінің, оның озық оқыту әдістемесін білуінің және балалар дамуының кӛрсеткіші. Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың жобалау зерттеу әрекетін дамыту үшін жағдай жасау. Міндеттері: - мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру процесіне жобалау зерттеу әрекетін енгізуді кеңейту; - жобалау зерттеу әдісі бойынша жұмыс жүргізуде педагогтердің кәсіби біліктерін жетілдіру. Әдістемелік ұсынымдардың құрылымы келесі бӛлімдерден тұрады: «Мектепке дейінгі ұйымдардағы жобалау зерттеу әдісі», «Жобаларды топтастыру», «Жобалау әрекеті бойынша балалармен жұмысты ұйымдастыру», «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту тәсілдері». Мектепке дейінгі ұйым жағдайында жобалау зерттеу әрекетін жүйелі ұйымдастыру мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ЖОБАЛАУ ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ. ЖОБАЛАРДЫ ТОПТАСТЫРУ Мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесіне зерттеу әдістерін енгізу – баланың жаратылысына және оқытудың заманауи міндеттеріне неғұрлым толық сәйкес келетін танымның негізгі бағыттарының бірі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар айқындалған, олар: - ұлттық дәстүрлерге, сондай-ақ жалпы адамзаттық қағидалар мен нормаларға негізделген рухани-адамгершілік және мәдени-әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруға; - балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық жағдайларды жасауға; - жеке тәсілдер негізінде балалардың түрлі іс-әрекеттерінде олардың қабілеттерін, бейімділіктерін, талаптары мен дарындылықтарын дамытуға; - бастапқы тең мүмкіндік беруді кӛздейтін қарапайым қимыл-қозғалыс, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық білім, білік және дағдыларын қалыптастыруға; - мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен ынтымақтастығына бағытталған. Стандарт: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын; заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның мазмұнына, тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды айқындайды. Стандарт талаптары баланың қызығушылықтары мен бейімділіктерін іске асыруға бағытталған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын (бұдан әрі-Үлгілік бағдарлама) іске асыру кезінде міндетті. Үлгілік бағдарламаға сәйкес әрбір білім беру салаларының ұйымдастырылған оқу қызметтерінің мазмұны күтілетін нәтижелер түріндегі оқыту мақсатынан тұрады. Белгіленген мақсаттар, мысалы, педагогтарға мектепке дейінгі ересек жастағы балалармен жобалау зерттеу әрекетін ұйымдастыруға және балалардың жетістіктерін келесі ӛлшемдер бойынша бағалауға мүмкіндік береді: -қажетті ақпаратты түрлі дереккӛздерден алады; -ӛзіне айтылған сӛздерді тыңдайды және түсінеді, әңгімені қолдайды, сұрақтарға жауап береді және сұрайды, әңгімелесу кезінде ӛзін мәдениетті ұстайды, сӛйлегенде сӛздерді және тілдік этикетті қолданады; - таныс материалдармен эксперимент жасай алады, себеп-салдар байланыстарын орната біледі; - шарты бойынша, ойдан табиғи және қалдық материалдардан заттар құрастырады; - жұмыс тәсілдерін таңдайды және негіздейді; - заттардың саны және шамасы бойынша арақатынастарын кӛрсететін математикалық терминдерді қолданады; - ӛзін-ӛзі кӛрсете білуде жеке шығармашылық қабілеттерін танытады; - ӛз ойын айта алады, ӛзгелердің пікірін тыңдай біледі; - адамның табиғатты қалай сақтауға болатыны туралы қорытынды жасайды; - әртүрлі материалдардың қасиеттері мен белгілері және олардың қолданылуы арасындағы байланыстарды орнатады. Жобаларды топтастыру: қатысушылардың құрамы бойынша: - жеке жобалар (бейнелеу және сӛздік шығармашылықта); - бір топтың балаларымен («Дені саудың жаны сау», «Достық кӛмек»); -бірнеше топтың балаларымен («Айналамыздағы ӛсімдіктер», «Жануарлар әлемі» және т.б.); -мектепке дейінгі ұйымның барлық балаларымен («Менің балабақшам», «Менің Қазақстаным»); Мақсатқа бағытталуы бойынша: -зерттеу-шығармашылық («Су әлемі», «Дұрыс тамақтану. Дәрумендер»); - рӛлдік ойын («Театр әлемі», «Сүйікті ойыншықтар»және т.б.); - шығармашылық («Ертегілер елінде», «Ғажайып қыс»және т.б.); -ақпараттық («Отан қорғаушылар», «Туған күн» және т.б.). Перспективалық жоспарға сәйкес ӛтпелі тақырыптарды зерделеу барысында балалар үй жануарларының тӛлдерін, гүлдерді, ӛсімдіктерді, жәндіктерді бақылайды, экологиялық жобаларды орындайды және ӛз зерттеуінің нәтижесінде сұрақтарға жауап береді. іске асыру мерзімі бойынша: - қысқа мерзімді (1 – 3 апта); - орта мерзімді (бір айға дейін); - ұзақ мерзімді (1 айдан бірнеше айға дейін). әрекет түрлері бойынша: - зерттеу-шығармашылық (нәтижелерді газет, драматизация, балалар дизайні (макеттер және үлгілер) түрінде безендіру); - рӛлдік ойын (балалар ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне енеді және мәселелерді ӛздері шешеді); - ақпараттық (балалар ақпарат жинайды және оны іске асырады); - шығармашылық (жұмыс нәтижесін балалар мерекесі, балалар дизайні түрінде безендіру және т.б.). Жобалау әдісінің негізі педагогтың нақты практикалық мәселе (тақырып) бойынша балалармен және ата-аналармен бірлескен жұмыс барысында қол жеткізетін мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық әрекетінің нәтижесіне бағытталуы. Жобамен жұмыс жасау – Үлгілік бағдарламаның білім беру салаларындағы білім мен біліктерді қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін қолдану. Жобалау әдісі келесі әрекет түрлерін қамтиды: Зерттеу әрекеті – Жобалау әрекеті – Ғылыми-техникалық шығармашылық. Мектепке дейінгі ұйымдардағы зерттеу әрекеті оқытуды бала сұрақтар қоя алатындай және оларға ӛзі жауап таба алатындай ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Аталған әдістің ерекшелігі мынада, педагог дайын білім бермейді, танымдық әрекетті ұйымдастырады және балаға түрлі ӛмірлік жағдайларда әрекет етуге жәрдемдесетін тәжірибелік біліктерді алуға кӛмектеседі. Жобаларды орындау бірнеше жүйелі кезеңдерді қарастырады: • ынталандыру (қызығушылығын ояту ); • жобаның мақсаты мен міндеттерін анықтау; • жобаны іске асыру (Не білемін? Не білгім келеді? Қалай білуге болады?); • бақылау; • жобаны таныстыру; •бағалау. Әр кезеңде педагогтің балалармен ӛзара әрекеті тұлғаға бағытталған сипатта болады. Жобалау әрекетін жоспарлау: «Жоба не үшін қажет?», «Жобалау әрекеті қалай іске асырылады?»,«Жобалау әрекетінің нәтижесіне қалай қол жеткізуге болады?», «Жобаның нәтижесі қалай ұсынылады?» деген сұрақтардан басталады. Осы әдістің табысты іске асырылуы келесі шарттар болғанда ғана жүзеге асырылуы мүмкін: - балалардың жас ерекшеліктерін ескеру; - Үлгілік бағдарламаның білім беру салаларының мазмұнын білу; - күтілетін нәтижелерді анықтау; - заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру. Жобалау технологиясы қатысушылардың білім беру процесіндегі бірлескен әрекетіне бағытталған: тәрбиеші-бала, бала-бала, балалар-ата-аналар. Бірлескен-жеке, бірлескен-ӛзара әрекет етуші, бірлескен-зерттеу әрекет түрлері болуы мүмкін. Тақырып: - балаға қызықты; - орындалатындай, пайда тигізетіндей; - бірегей болуы тиіс; - жұмыс барынша жылдам орындалуы қажет. Жобалау әдісі тәрбиешінің мектепке дейінгі жастағы балалармен бірлескен әрекетін: бейне мәтін, іскерлік ойын, таныстыру, дӛңгелек үстел (жобаны іске асыру мәселелері), case-study әдісі (ағылшын тілінен аударғанда, case – оқиға, жағдай): жағдайды позициялық талдау, зерттеу жұмысының әр түрлерін қамтиды. Жобалау әрекеті нәтижесінің түрлері: - газет, журнал,альбом; - коллаж; - гербарий; карта; - экскурсия; - ойын, мереке сценарийі; - костюм, үлгі, сыйлық; - мультимедиялық ӛнім; - кӛрме және т.б. Зерттеу жобасымен жұмыс жүргізу білім кӛлемінің үнемі кеңеюімен қызықты, себебі балалар барлық қол жетімді құралдарды қолдана отырып, ӛздері іздене бастайды. Нәтижелі зерттеу жұмысын жүргізгеннен кейін оқу жылының соңында балалар жобаларының кӛрмесі ұйымдастырылуы, балалардың белсенділігі атап ӛтілуі және әрбір қатысушы «Бәрін білгім келеді!» медалімен, ата-аналар ғылыми жетекшінің атынан (топ тәрбиешісі, әдіскер, меңгеруші) «Зерттеу жұмысында балаға қолдау кӛрсеткені үшін» алғыс хаттарымен марапатталуы тиіс. Нәтижесінде балалардың ӛзін бағалауы артады, түрлі білім салаларына танымдық қызығушылығы дамиды, коммуникативтік дағдылары және адамгершілік қасиеттері қалыптасады. ТҤРЛІ ЖАС ТОПТАРЫНДА БАЛАЛАРМЕН ЖОБАЛАУ ӘРЕКЕТІ БОЙЫНША ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ Жоба дегеніміз – нақты әлеуметтік нәтижесі бар, дербес және ұжымдық шығармашылықпен аяқталған жұмыс. Жобалау әдісі- балалар жоспарлау және үнемі күрделеніп отыратын тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында білім алатын оқыту жүйесі. Кез-келген жобаның негізінде қандай да бір мәселе болады және оны шешу үшін зерттеушілік ізденіс талап етіледі. Жобалау әрекетінің құрылымы келесі кезеңдерден тұрады: мәселені анықтау; орындалу барысын жоспарлау; ақпарат іздестіру; мәселені шешу; таныстыру және жасалған материалдар жинақталатын портфолио (фото, суреттер, альбомдар, үлгілер және т.б.). Жобалау әрекеті бойынша балалармен жұмысты ұйымдастыруда заттық-дамытушы ортаны қалыптастыру, онда: - құралдарға арналған орын: лабораториялық ыдыстар, таразылар, сумен ойналатын ойындарға арналған сыйымдылығы әртүрлі кӛлемді және пішінді ыдыстар; - табиғи материалдарды сақтауға арналған орын: қол жуғыштар, тастар, балшық, құм, кесілген ағаштар мен жапырақтар, тұқым және т.б.; - қалдық материалдарды сақтауға арналған орын: сым, былғары, тері, мата бӛліктері, тығын; - тәжірибе жүргізуге орын (құм, су, пенопласт және т.б. қойылған бұрыш және т.б) болуы тиіс. Кіші мектепке дейінгі жастағы балалармен жүргізілетін жұмыс қоршаған ортаның құбылыстарымен және нысандарымен таныстыру барысында сенсорлық дамуы үшін қажетті жағдай жасауға бағытталады. Оқыту міндеттері: -зерттеу әрекетіне қызығушылық тудыру; -балаларды таным процесіне қатыстыру; - зерттелетін материал туралы түсініктер қалыптастыру. Балалармен жүргізілетін зерттеулер оларда: материалдар (құм, балшық, қағаз, мата, ағаш); табиғат құбылыстары (қар жауу, жел, күн, су; желмен, қармен ойындар); - ӛсімдіктер әлемі (ӛсімдіктерді тұқымнан және түйнектен ӛсіру әдісі); - заттар әлемі (киім, аяқ киім, кӛлік, ойыншықтар) туралы түсініктердің қалыптасуын болжайды. Эксперимент барысында балалардың белсенді сӛздік қоры сенсорлық белгілерді, құбылыстардың қасиеттерін немесе табиғат нысандарын білдіретін сӛздермен (түс, пішін, кӛлем: мыжылады - сынады, жоғары – тӛмен - алыс, жұмсақ - қатты – жылы және т.б.) толықтырылады. Зерттеу аймағындағы құрал-жабдықтар: құм, балшық; суда ойнауға арналған резина және пластмасса ойыншықтар жиынтығы; сабын кӛпіршігімен ойнауға арналған материалдар; тағамдық және тағамдық емес бояғыштар (гуашь, акварель бояулары және т.б.); ірі бұршақ, үрме бұршақ, бұршақ тұқымдары. Қарапайым құралдар: лупалар, су құюға арналған ыдыстар, қалдық материалдар: жіп, арқан, жиектеме, қыстырғыштар,тығындар және т.б. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті ойын болғандықтан, балаларды жобалау зерттеу әрекетіне тарту кіші жастан бастап рӛлдік ойындарды және шығармашылық жобаларды қолданудан басталады: «Сүйікті ойыншықтар», «Дені саудың- жаудың сау» және т.б. Мектепке дейінгі кіші жаста жобаны таңдауды тәрбиеші балалардың қызығушылығын немесе диагностика мәліметтерін негізге алып, жүзеге асырады. Балалар әрекеттерді ересектің тікелей ұсынысымен немесе оған еліктеп орындайды. Ортаңғы мектепке дейінгі жас Осы жас тобындағы балалармен жүргізілетін жұмыс балалардың қоршаған орта құбылыстары мен нысандары туралы түсініктерін кеңейтуге бағытталған. Эксперимент барысында педагогтардың шешетін негізгі міндеттері: -балалардың ойын және практикалық әрекеті тәжірибесін қолдану; -атқарымдық белгілері бойынша нысандарды топтастыру; - ұқсас белгілері бойынша нысандар мен заттарды топтастыра білу. Балалармен жүргізілетін зерттеулер, оларда: материалдар (балшық,ағаш, мата, қағаз, металл, шыны, резина, пластмасса); табиғат құбылыстары (жыл мезгілдері, табиғат құбылыстары, ӛлі табиғат нысандары - құм, су, қар, мұз; түрлі -түсті мұздармен ойындар игры); жануарлар әлемі (қыста, жазда аңдар қалай тіршілік етеді) және ӛсімдіктер (кӛкӛністер, жемістер), олардың ӛсіп-ӛнуіне қажетті жағдайлар (жарық, ылғал, жылу); заттық әлем (ойыншықтар, ыдыс, аяқ киім, кӛлік, киім және т.б .); геометриялық пішіндер (дӛңгелек, тік тӛртбұрыш, үшбұрыш, призма); адам ағзасының құрылысы туралы («Ӛзім туралы») түсініктердің қалыптасуын болжайды. Эксперимент барысында балалардың сӛздік қоры нысандар мен құбылыстардың қасиеттерін білдіретін сӛздер есебінен толықтырылады. Бұл топта геометриялық пішіндерді (дӛңгелек, тік тӛртбұрыш, үшбұрыш, призма) салыстыруда заттардың белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін құрылыс ойындары белсенді түрде қолданылады. Зерттеу аймағындағы құрал-жабдықтар: құм, балшық; ірі бұршақ, үрме бұршақ, бұршақ тұқымдары; суда ойнауға арналған резина және пластмасса ойыншықтар жиынтығы; сабын кӛпіршігімен ойнауға арналған материалдар; тағамдық және тағамдық емес бояғыштар (гуашь, акварель бояулары және т.б.); кейбір азық-түлік ӛнімдері (қант, тұз, крахмал, ұн). Қарапайым құралдар: лупалар, су құюға арналған ыдыстар, қалдық материалдар: жіп,арқан, жиектеме, қыстырғыштар,тығындар және т.б. Кӛрінетін жерге осы жастағы балаларға арналған танымдық сипаттағы кітаптар; тақырыптық альбомдар; әртүрлі ӛсімдіктердің тұқымы, бүршіктер, ұсақ тастар; мата, қағаз, түймелер, тастар, шыныдан жасалған заттар және т.б. қойылады. Ересек мектепке дейінгі жас Эксперименттің негізгі міндеттері: - тәжірибелік әрекетте зерттеу нәтижелерін белсенді қолдану; - салыстыру негізінде заттарды: ұзындығы, пішіні (шарф - орамал –үшкіл орамал), түсі (тостағандар: бір түсті- түрлі-түсті), материалы (жібектен, жүннен тоқылған кӛйлек), тығыздығы (ойын «Заттың қасиеттері мен сапасын кім кӛп атайды?») бойынша топтастыру . Осы жаста балалар мәселені түсінеді, мақсатты анықтайды, әрекеттің нәтижесіне қол жеткізу үшін қажетті құралдарды таңдай алады. Балалармен жүргізілген зерттеулердің негізгі мазмұны оларда: материалдар, табиғат құбылыстары және тәулік бӛліктері, судың агрегаттық күйі, ӛсімдіктер әлемі, ӛсімдіктер бұтақтарын қарастыру және салыстыру (түс, пішін, бүршіктердің орналасуы; гүлдерді және басқа ӛсімдіктерді салыстыру); заттар әлемі, геометриялық эталондар (сопақша, ромб, трапеция, призма, конус, шар) туралы түсініктердің қалыптасуын болжайды. Эксперимент барысында балалардың сӛздік қоры нысандар мен құбылыстардың қасиеттерін білдіретін сӛздер есебінен толықтырылады. Сондай-ақ балалар омонимдермен, кӛп мағыналы сӛздермен, синонимдермен (әдемі, әсем, сұлу), антонимдермен (ауыр – жеңіл, қатты-жұмсақ), тұрақты сӛз тіркесімен танысады. Эксперимент бұрышында табиғи және қалдық материалдарды сақтауға, тәжірибелер жүргізуге және т.б. орын бӛлінуі тиіс. Шағын топтардағы балалардың ұжымдық жұмысы әртүрлі рӛлдік әрекетте ӛзін кӛрсетуге мүмкіндік береді. Ортақ іс балалардың коммуникативтік және адамгершілік қасиеттерін дамытады. Балалармен таңдалып алынған жобалар ӛтпелі тақырыптарға сәйкес барлық білім беру салалары арқылы кіріктіріледі. Ересек жаста келесідей шығармашылық жобаларды ұсынуға болады: «Менің елімнің елтаңбасы», «Менің отбасымның елтаңбасы». Аталған жобаларды іске асыру балалардың ой-ӛрісін кеңейтуге мүмкіндік береді, олар ӛз елінің елтаңбасының маңызы туралы кӛбірек біледі, отбасылық дәстүрлермен және жәдігерлермен танысады, балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасы жақсарады. Осылайша, ауқымды ақпаратты игеруге, заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты түсінуге мүмкіндік беретін тұтастай білім беру процесі қалыптасады. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ТӘСІЛДЕРІ Мектеп жасына дейінгі балалардың жобалау әрекеті балалар жоспарлау және біртіндеп күрделенетін тәжірибелік тапсырма-жобаларды орындау арқылы күнделікті ӛмірге қажетті іс-әрекет тәжірибесінен алатын әрекетті қамтиды. Танымдық және интеллектуалдық қабілеттерді дамытуға зерттеу әрекетінің ықпалы баланың тәжірибелік және ақыл-ой сипатындағы әрекеттерді (мәселені анықтау, орындалу барысын жоспарлау, ақпарат іздестіру, мәселені шешу) игеру деңгейімен анықталады. Заманауи білім берудің маңызды міндеттерінің бірі - мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту. Балалар ойлап шығаруға, түсінуге, жаңаны игеруге, ӛз ойларын айтуға, шешім қабылдауға, бір-біріне кӛмектесуге, мүмкіндіктерін сезінуді үйренетін жобаларға қатыстырылуы тиіс. Білім беру салаларын кіріктіру арқылы қоршаған орта туралы тұтастай түсінік қалыптасады. Психологтар (Выготский Л.С., Запорожец А.В., Эльконин Д.Б., Поддьяков Н.Н.) мектепке дейінгі жаста ақыл-ой қарқынды дамитынын, біртіндеп оның даму қарқыны баяулайтынын атап кӛрсетті. Сондықтан, таным қабілеттерін дамыту үшін балалардың әлеуетті мүмкіндіктері барынша қолданылуы тиіс. ҚазМемҚызПУ профессоры А.Д.Сыздықбаеваның, п.ғ.д. С. Н. Жиенбаеваның ғылыми еңбектерінде жобалау әрекетін мектеп жасына дейінгі баланың даралығын ашатын, қызығушылығын және сұранысын іске асыратын инновациялық ерекше құбылыс ретінде қолдану туралы айтылады. Таным қабілеттерін дамытуға қабылдау, ес және зейін ықпал етеді. Балалардың танымдық процестерін дамыту оларды мектепке дайындауға және әрі қарай табысты оқуына, интеллектуалдық дамуына қажет. Жобалау әрекеті барысында балалар ересектермен және құрдастарымен танымдық-практикалық міндеттерді шеше отырып, сӛздік қорларын байытады, кӛпшілік алдында сӛйлеуге (ӛлеңді мәнерлеп оқу, жаңа мәліметтер туралы әңгімелеп беру), айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға үйренеді. Балалардың жобаны іске асыру барысында игерген білімдері олардың жеке тәжірибесінің игілігіне айналады. Эксперимент жасауда бала сұраққа жауап іздей отырып, танымдық, шығармашылық және коммуникативтік қабілеттері дамиды. Мектепке дейінгі ұйымда жобалау әрекетін ұйымдастыру педагогтарға қолданылатын инновациялық әдістер мен технологияларды, балалар мен ата-аналардың, тәрбиешінің арасындағы ӛзара әрекетті кеңейтуге мүмкіндік береді; балалардың бойында белсенділік, дербестік қалыптасады. Жобалау технологиясын мектепке дейінгі ұйымда іске асыру үшін педагогтардың жобалау әрекеті мазмұны мен маңызы туралы білетіндерін зерделеп алу қажет. Мысалы, сауалнама жүргізу (1Қосымша). Сауалнама нәтижелеріне талдау жасап, келесі тақырыптар бойынша кеңестер ұйымдастыру: «Мектепке дейінгі ұйым жағдайында жобалау технологиясын қолдану», «Жобалау әрекеті кезеңдері», «Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыта оқытудың жобалау әдісі»; семинар-практикум «Ересек мектеп жасына дейінгі балалармен жобалау зерттеу әрекетін ұйымдастыру», «Жобаны таныстырудың интерактивті түрлері» және т.б. Психология-педагогикалық жағдайлардың мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жаңартылған мазмұны жағдайында жобалау зерттеу әрекетін енгізуге даярлығы туралы айтқанда, педагогтардың әр баланың дамуына жағдай жасауына, іс-әрекет барысында ересектердің балалармен тең құқықты деңгейде, олардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, ӛзара әрекет жасауына саналы түрде қарау керектігін атап ӛткен жӛн. Жобалау зерттеу әрекетін тиімді қолдану балалардың шығармашылық жұмыстарды орындауға ұмтылысын кӛрсететін танымдық, тұлғалық дамуына елеулі ӛзгерістерді әкеледі. Осылайша, жобалау зерттеу әрекеті барысында баланың: - интеллектуалдық қабілеттері (ақпаратпен жұмыс жасай білу, ақпараттық кеңістікте бағдарлай алу, білімді жүйелендіру, негізгі ойды бӛліп кӛрсету,болжамды және оның шешімін талдау, жалпылау және қорытынды жасай білу); - шығармашылық қабілеттері (пікірін түрлендіре білу, мәселені шешудің бірнеше нұсқаларын тауып, оның ішінен неғұрлым тиімдісін таңдап алу, қабылданған шешімдердің нәтижесін болжау, туындаған мәселені кӛре білу); - коммуникативті қабілеттері (әңгімелесе білу, әңгімелесушіні тыңдау және есту, ӛз кӛзқарасын дәлелдеу, әңгімелесушімен келісімге келу, ӛз ойын айта білу, ақпарат алу дереккӛздерін таба білу) дамиды ҚОРЫТЫНДЫ Мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыру барысында жобалау зерттеу әрекетін қолдану әр баланың толыққанды дамуына мүмкіндік туғызады. Кӛптеген заманауи педагогтар тәжірибесі кӛрсеткендей жобалау әдісі мектеп жасына дейінгі баланың дамуына оң ықпал ететін танымдық әрекеттің маңызды саласын қамтиды. Жобалау әдісі қолданылу аясының ауқымдылығымен ӛзекті, ол балаға эксперимент жасауға, алған білімдерін жинақтауға, «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық» және «Әлеумет» барлық білім беру салаларында ойлауын, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Балаларда дербестік, белсенділік, жауапкершілік, бір-біріне сенім білдіруі, танымдық қызығушылығы, ӛз уақытын нақты бӛлуі және жоспарлай білуі дамиды. Бірлескен жобалау зерттеу әрекеті барысында балалардың комммуникативтік (әңгімелесе білу, әңгімелесушіні тыңдау және есту, ӛз кӛзқарасын дәлелдеу, әңгімелесушімен келісімге келу, ӛз ойын айта білу,) және әдістемелік (ақпарат алу дереккӛздерін таба білу) дағдылары белсенді түрде қалыптасады. Жобалау әдістерін қолдану тәжірибесі бірге оқу тек оңай ғана емес, әрі қызықты, анағұрлым тиімдірек екенін кӛрсетеді. Атап айтқанда, жобалау әрекеті мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесіне ата-аналардың ашық түрде белсенді қатысуын қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жүргізуде қолданылатын жобалау әдістері – бұл мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ӛзінің лайықты орнын алуы тиіс оңтайлы, инновациялық және болашағы бар әдіс. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы 2. Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 ҚРҮҚ 3. Веракса Н. Е. Проектная деятельность дошкольников. - М.: Мозаика-Синтез, 2008. - 112 с. 4. Жиенбаева С.Н., Сыздықбаева А.Д. Жобалау әрекеті-мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық ерекшелік. 5. Образовательные проекты в детском саду /Пособие для воспитателей/ Н.А.Виноградова, Е.П. Панкова,- Айрис-пресс, 2008 6. Кулмагамбетова С.С. Развитие проектных технологий этнокультурного образования студентов в вузах Казахстана /Научная библиотека диссертаций и авторефератов 7. Проектный метод в деятельности дошкольного учреждения./Пособие для руководителей и практических работников ДОУ /Автосоставитель Л.С. Кисислева, Т.А.Данилина, 3-еизд, -М:АРКТИ, 2005 8. Е.С.Полат, Метод проектов /Статья на сайте журнала «Вопросы интернет образования» 9. Кульчицкая Т.Е.,Технология Проектирования в детском саду 10. Проектная деятельность старших дошкольников. - Волгоград: Учитель, 2011 11. Ковальчук Н.П . Из опыта организации проектной деятельности детей дошкольного возраста 12. Емельянова М. Организация исследовательской деятельности детей дошкольного возраста //ж-л Начальная школа №5 Детский сад от А до Я. 2006. 13. Одаренность и возраст.Развитие творческого потенциала одарѐнных детей / под редакцией А.М. Матюшкина //Учебное пособие. – М. : Издательство НПО «МОДЭК», 2004 1 Қосымша Педагогтарға арналған сауалнама 1. «Жобалау әрекеті» терминін қалай түсінесіз? 2. Үлгілік бағдарламаға сәйкес жобалау әрекетін іске асыру саласын атаңыз. 3. Жобалау әдісінің негізін салушы кім?. 4. Жобалау зерттеу әрекетін ұйымдастыруда білім беру процесіне қатысушылардың: -тәрбиешінің; -мектепке дейінгі ұйым мамандарының; - әдіскердің; -меңгерушінің; - ата-аналардың рӛлін қалай анықтадыңыз?. 5. Педагогикалық тәжірибеде жобалау әдістерін қолданасыз ба? 6. Ӛзіңіздің ойыңызша, инновациялық технологияларды енгізуге дайынсыз ба? Дайындық деңгейіңізді 1-ден 5- баллға дейін белгілеңіз. 7. Жобалау зерттеу әрекетін іске асыруға байланысты қандай педагогикалық қиындықтарды сезінесіз? 8. Педагогикалық қиындықтарды еңсеруде қандай кӛмек алғыңыз келеді? 9. Сіздің мектепке дейінгі ұйым Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарын орындауды қаматамасыз етуге дайын ба? 10. Педагогтың жобалау технологиясын игеруінің жоғары деңгей кӛрсеткіші не болып табылады? 2 Қосымша Ортаңғы топта тәжірибелер мен эксперименттерді жоспарлаудың перспективалық жоспары (Ҥлгі) № Ай тақырып мақсаты 1. Қыркүйек «Суды бояу» Судың қасиеттерін анықтау «Желпуіштермен және жалаушалармен ойындар» Балаларды ауа қасиеттерінің бірі – оның қозғалысымен таныстыру; жел-ауаны қозғалысқа келтіреді. «Күннің кӛзімен ойнаймыз» Қандай заттар күннің кӛзіне жақсы қыздырылады (ақшыл немесе қара түсті), заттар қай жерде тез қыздырылады (күннің кӛзінде ме немесе кӛлеңкеде ме?). «Құмның қасиеті» Құмның қасиеттерімен таныстыру (құм қиыршықтардан тұрады, борпылдақ, ұсақ, жеңіл шашылады, суды ӛткізеді, құмда іздер қалады). 2. Қазан «Сезім мүшелерінің қызметіі» Балалардың сезім мүшелері, олардың атқаратын қызметі туралы түсініктерін кеңейту (құлақ – естиді, әртүрлі дыбыстарды таниды; мұрын – иісті сезіп, анықтайды; саусақтар – пішінді анықтайды; тіл – дәмді ажыратады, кӛз - кӛреді). «Заттар дыбыс шығарады» Балаларға дыбыстың пайда болу себептерін түсіндіру: заттың тербелісі. «Мӛлдір су» Судың қасиетін анықтау (мӛлдір, иіссіз, салмағы бар). «Су заттың пішінін қабылдайды» Су құйылған ыдыстың пішінін қабылдайтынын анықтау. 3. Қараша «Қандай заттар суда қалқиды?» Заттардың қалқуы олардың кӛлеміне емес, олардың ауырлығына байланысты болатыны туралы түсінік беру «Сабын кӛпіршіктері» Балаларды сабын кӛпіршіктерін дайындау әдісімен, сұйық сабынның қасиетімен таныстыру: созылады, қабыршақтанады «Заттардың кӛпіршікте қалқуы» Заттардың сабын кӛпіршігінде қалқуы туралы түсініктерін дамыту (заттардың қалқуы кӛлеміне емес, ауырлығына байланысты). «Ауаның маңызы» Қоршаған кеңістіктегі ауаны табу және оның қасиетін анықтау (ауаны кӛру мүмкін емес) 4. Желтоқсан «Ауа қозғалысы» Балаларға ауа заттарды қозғалысқа келтіретіні туралы түсінік беру (желбағдар, желкенді кеме, суда, әуе шарлары және т.б.). «Тастар» Тастарды пішіні, кӛлемі, түсі бойынша топтастыру; балаларға тастарды ойындарда қолдану мүмкіндігін кӛрсету. «Тас пен балшықтың пішінін ӛзгертуге бола Балшықтың қасиетін:(дымқыл, жұмсақ, жабысқақ, пішінін ӛзгертуге, бӛліктерге бӛлуге, ма?» мүсіндеуге болады,) тастың: (құрғақ, қатты,одан мүсіндей алмаймыз, бӛліктерге бӛле алмаймыз)анықтау. «Жарық кӛздері» Жарықтың маңызын кӛрсету, жарық кӛздері табиғи (күннің кӛзі, ай, от), жасанды – адам қолымен жасалған (шам, қол шам, майшам) болатынын түсіндіру. 5. Қаңтар «Жарық және кӛлеңке» Заттардан кӛлеңкенің пайда болуымен таныстыру, кӛлеңке мен нысанның ұқсастығын анықтау, кӛлеңкенің кӛмегімен бейнелер жасау. «Судың қатуы» Мұздың қатты зат екенін анықтау, қалқиды, ериді, құрамы судан тұрады . «Мұздың еруі» Мұздың жылы жерде еритінін, ыстық суда жылдам еритінін; судың суық жерде қататынын, құйылған ыдыстың пішінін қабылдайтынын анықтау «Түрлі-түсті шарлар» Негізгі түстерді араластыру арқылы жаңа реңктер алу: қызғылт сары, жасыл, күлгін, кӛгілдір. 6. Ақпан «Суреттер сыры » Қоршаған орта заттарын түрлі-түсті шынылар арқылы қарайтын болсақ, түстерін ӛзгертетінін кӛрсету. «Бәрін кӛреміз,бәрін білеміз» Лупа аспабымен және оның қызметімен таныстыру. «Құмнан мүсіндер жасау» Құмның қасиетін анықтау: сусымалы, жұмсақ, дымқыл құмнан мүсіндеуге болады: құмнан сурет салу тәсілімен таныстыру «Құм мен балшықтың қасиеті» Құм мен балшық суды түрліше сіңіретінін анықтау, олардың қасиеттерін бӛліп кӛрсету: сусымалы, жұмсақ. 7. Наурыз «Су диірмені» Су басқа заттарды қозғалысқа келтіре алатыны туралы түсінік беру. «Сылдырлайды мӛлдір су» Балаларға стақандағы судың мӛлшері дыбыстың шығуына әсер ететінін кӛрсету «Ойлан тап» Заттардың салмағы бар екенін кӛрсету, материалдардың қасиеттерімен, айырмашылықтарымен таныстыру «Заттардың тартылуы» Магниттің кейбір заттарды ӛзіне тарту қасиетін түсіндіру 8. Сәуір «Магниттің сиқыры» Магнитпен ӛзара әрекеттесетін заттарды кӛрсету. «Күн сәулелері» Айнаны күннің кӛзіне түсіргенде сәуленің пайда болу себебін түсіндіру (айнамен жарық түсіру. «Суда не ериді?» Балаларға суда түрлі заттардың еритінін және ерімейтінін кӛрсету. «Айнадан түсетін сәулелер» Балаларды «сәуле» ұғымымен таныстыру, сәуле түсіретін заттарды кӛрсету 9. Мамыр «Сиқырлы елеуіш» Балаларды құмнан тастарды, ұсақ жарманы ірі жармадан елеуіштің кӛмегімен бӛліп алу тәсілімен таныстыру, дербестікті дамыту. «Түрлі-түсті құм» Балаларды түрлі-түсті құмды дайындау әдісімен таныстыру (оны түрлі-түсті бормен араластыру); үккішті пайдалауды үйрету. «Құммен ойналатын ойындар» Құмның қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту, құрастырушылық біліктерін, білуге құмарлықты, байқағыштықты дамыту, сӛздік қорларын байыту. «Су бұрқақ» Білуге құмарлықты, дербестікті дамыту, кӛтеріңкі кӛңіл-күй туғызу. 3 Қосымша «Табиғат әлемі» өтпелі тақырып бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың зерттеу жұмысы тақырыптары Кӛкӛністер мен жемістер Саңырауқұлақтар Жәндіктер Құстар Жануарлар әлемі Табиғатқа қамқормын. Ауладағы бау-бақша. Кӛкӛністер мен жемістердің пайдасы Жеуге жарамды саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтың құрылысы Кӛбелектер. Құмырсқаның пайдасы. Шыбын мен масаның айырмашылығы Құстар-біздің досымыз. Торғайды бақылау. Қыстайтын құстар қайда мекендейді? Құстардың қоректенуі Үй жануарлары. Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі. Табиғат бұрышын мекендейтін жануарлар. Кірпі жабайы аңдардан қалай қорғанады? МАЗМҰНЫ 1. Түсіндірме жазба 3 2. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жобалау зерттеу әдісі. Жобаларды топтастыру 5 3. Түрлі жас топтарында жобалау әрекеті бойынша балалармен жұмысты ұйымдастыру 9 4. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамыту тәсілдері 12 5. Қорытынды 14 6. Пайдаланылған әдебиеттер 15 7. Қосымша 16
Объявление от Asia.kz:
Создайте себе сайт-визитку бесплатно!

Конструктор сайтов и интернет - магазинов в казахстане

 
Реклама:
Создать сайт бесплатно
 
Реклама от Asia.kz:
Создайте себе сайт-визитку бесплатно!  

Конструктор сайтов и интернет - магазинов в казахстане
 

asia.kz/create/site/  
 
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы  

Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам
 

westlan.kz  
 
Пожаловаться на сайт