Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!

Біздің ұран:

Маххабатпен балаларға

Жұмыс уақыты

дс.-сн. 09:00-19:00
Жс. - демалыс

+77773858101

Қармақшы ауданы (Қызылорда облысы) Абай көшесі 104

 №1 санаториялық ясли-бақша 

«СЮЖЕТТІ-РӨЛДІК ОЙЫН- МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ӘРЕКЕТТІҢ АЛҒАШ

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТУДА СЮЖЕТТІК-РӨЛДІ ОЙЫНДАРДЫҢ РӨЛІ Балалардың ойындары өзінің әртүрлілігімен ерекшеленеді.Олар мазмұны мен ұйымдастырылуы, ережелері, қолданылатын заттардың түрлері, шығу тегі және т.б. бойынша әртүрлі болып келеді. Педагогикада ойын екі топқа бөлінеді: шығармашылық ойындар және ережелі ойындар. Шығармашылық ойындар тобын сюжетті-рөлдік ойындар құрайды, онда балалар қоршаған өмірден алған әсерлерін бейнелейді. Баланың адамгершілік тұлғасын қалыптастыруда сюжетті-рөлдік ойын ерекше рөл атқарады. Мектеп жасына дейінгі балалар көбінесе шығармашылық танытатындықтан, сюжетті-рөлдік ойындарды шығармашылық ойындар деп те атайды. Баланың сюжетті-рөлдік ойындарының негізгі қайнар көзі- оны қоршаған орта, ересектер мен құрдастарының өмірі мен олардың атқаратын іс-әрекеті. Сюжетті-рөлдік ойынның өзіне тән ерекшелігі онда қиялдағы жағдаяттың болуы. Қиялдағы жағдаят сюжет пен рөлден қалыптасады. Ойын әрекеттерін, рөлдер мен ережелерді балалар құрастырады немесе ересектер ұсынады. Бұл элементтер бір-бірімен тығыз байланысты. Балалар рөлге еніп, оған ұқсау үшін сол адамның атынан не айтуға болатынын ойластырады, яғни айналасындағыларды бейнелеудің рөлдік тәсілдерін өздігінен таңдайды. Сюжетті-рөлдік ойынды ұйымдастыру жағдайлары: -сюжеттердің әртүрлілігі; - көркем әдебиет оқу, спектакльдер көру, театрға бару; -ойын тақырыптарын кеңейту, мазмұнын толықтыру; - сауатты ұйымдастырылған заттық-дамытушы орта. Ойын басқа әдістермен: бақылау, әңгімелесу, көркем әдебиет оқу, мультфильмдер көру және т.б. үйлестірілгенде жақсы нәтиже береді. Ол үшін педагогтарда жас тобына сәйкес сюжетті-рөлдік ойындардың картотекасы болуы тиіс. Сюжетті-рөлдік ойындарды ұйымдастыру үшін арнайы жабдықталған заттық-кеңістіктік ойын ортасы болуы тиіс. Бала өзінің ойындағы мақсаттарын іске асыруда өзіне жолдас таңдайды, қажетті ойыншықтарды іріктейді. Сюжеттік-бейнелеу ойындарын дамыту үшін ойындық жағдаятта бейнеге енуге көмектесетін түрлі ойыншықтар қажет. Балалар ойындарда заттарды алмастырушы құралдарды қолданады. Мысалы, таяқшаның көмегімен - «қызу өлшегіштің»- дене қызуын өлшейді. Қыз балалар үшін міндетті түрде қуыршақтардың болуы ойыншық-кейіпкерлермен әрекет барысында оларда әлеуметте қарым- қатынас жасауға алғышарт болып табылатын рөлдік сөйлеуі қалыптасады.Ұл балалар үшін конструкторлар, ойыншық машиналар, жануарлар, мысалы, ит, аю, қоян және т.б. болуы мүмкін. Ойыншықтарды іріктеудің маңызы зор. Ойыншықтарға қойылатын талаптар: - балаларды шығармашылыққа ынталандырып, достық қарым- қатынасты қалыптастыратындай болуы тиіс; - пайдалануға қолайлы: ашық түсті, қауіпсіз сырмен сырлануы; - өңдеуге: жуып, тазалауға қолайлы болуы тиіс. - Қуыршақтар мен аюлар түрлі өлшемде (үлкен, орташа, кішкентай), сондай-ақ оларды орауға, ұйқыға жатқызуға, тамақтандыруға, қыдыртуға ыңғайлы; қуыршақтар жиһазы, машиналар орнықты, сәби қуыршақты орындыққа отырғызып, өзі де отыратындай болуы тиіс. Ойыншық ыдыстар ірі өлшемді болуы тиіс. - Ойын балаларға олардың ой-өрісін кеңейту үшін жаңа білім берудің тәсілі. Ересектердің еңбегіне, қоғамдық өмірге, адамдардың батырлық істеріне қызығушылықтың дамуымен балаларда болашақ мамандық туралы алғашқы ой-армандары, сүйікті кейіпкерлеріне еліктеуге ұмтылысы пайда болады.Осының барлығы мектепке дейінгі балалық шақта қалыптасатын бала тұлғасының бағыттылығын құруда ойынды маңызды құралға айналдырады. - Қызықты ойын баланың ақыл-ой белсенділігін арттырады және ұйымдастырылған оқу қызметіндегі күрделі міндеттерді шешеді. Балалар ойындарына көптеген ойдан, қиялдан құрастырылған ойларды енгізеді, эмоционалдық мәнерлілік, қозғалыстар, ым-ишара дамиды. - Мектепке дейінгі жаста бала адамгершілік қасиеттердің маңызын танып қана қоймайды, сондай-ақ айналасындағы адамдардың қылықтары мен әрекеттерін, өзінің қылықтарын бағалауға үйренеді. - Ойын тәрбиенің маңызды құралы болып табылады. Балалар сюжетті-рөлдік ойындарда бір-бірімен ойнай отырып, өзара келіседі, барлық даулы сұрақтарды шешуде әділетті және ортақ шешім іздестіре бастайды. - Осылайша, сюжетті-рөлдік ойында баланың алған білімі, әсері өзгеріссіз қалмайды: олар толықтырылып, нақтыланады, сапалы түрде өзгереді, түрленеді. Ойын қоршаған болмысты іс жүзінде тануға мүмкіндік береді. Кез-келген шығармашылық әрекет сияқты сюжетті- рөлдік ойын да эмоцияға толы және әрбір балаға қуаныш сыйлайды. Балада күрделі өмірлік жағдаяттарды–сәтсіздіктер, жанжал мен дағдарыстарды табысты жеңу үшін психологиялық негіз пайда болады. Қорытынды: Ойын баланың қоршаған ортаны тануына бағытталған әрекет түрі. Құрдастарымен өзара әрекеттің түрлі оң тәжірибесін игерген бала, өзін және өзгелерді, өз мүмкіндіктері мен өзгелердің мүмкіндіктерін нақты бағалай бастайды, оның шығармашылық дербестігі, көшбасшылық қасиеттері, әлеуметтік құзыреті дамиды. Ойын арқылы балаларда тек коммуникативтік дағдылар ғана емес, сондай-ақ адамгершілік сезімдері де қалыптасады. Ойын баланың бойында жаңа шығармашылық әрекет түрін (актерлік, дизайнерлік, режиссерлік және т.б. қасиеттер) қалыптастырады.Сюжетті-рөлдік ойындардың түрлері: -тұрмыстық сюжетті бейнелейтін ойындар: «отбасы», «мерекелер», «туған күн»; -өндірістік және қоғамдық тақырыптағы ойындар: «Шаштараз», «Дүкен», «Мектеп», «Аурухана», «Құрылысшылар»; -ерлік-патриоттық тақырыптағы ойындар: «ғарышқа ұшу», «Мерекелік отшашу», «Экспо», «Өрт сөндірушілер»; -әдеби шығармалар, кино, теле және радиохабарлар тақырыбындағы ойындар: «Алдар-Көсе», «Мақта қыз бен мысық» және т.б. -режиссерлік ойындарда бала қуыршақтарды сөйлетеді, оларға түрлі әрекеттерді орындатады. Ол барлық әрекеттерді бағыттай отырып, қуыршақ үшін және өзі үшін әрекет етеді. Түрлі жас топтарында сюжетті-рөлдік ойындардың мазмұны мен шарттары Әр жас тобында басқа да аймақтармен қатар мектепке дейінгі ұйымдардағы театрландырылған әрекеттің алғашқы сатысы болып табылатын сюжетті-рөлдік ойындар үшін бұрыш ұйымдастырылуы тиіс. Ойын барысында балаларда бір уақытта белсенді коммуникативті- тілдік және танымдық-шығармашылық қызмет іске қосылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжетті-рөлдік ойындарын дамыту үшін келесі шарттарды сақтау қажет: -құрал-жабдықтардың қолжетімділігі (орамалдар, бас киімдер, алжапқыштар және т.б.); - материалдардың қауіпсіздігі; -заттардың әртүрлілігі(қуыршақтар, құрылыс материалы, машиналарға арналған көлікжай және т.б.); -ойындар мен ойыншықтардың балалардың жастарына сәйкестілігі; - материалдар мен құрал-жабдықтардың эстетикалық безендірілуі. Сюжетті-рөлдік ойындарды қалыптастырудың педагогикалық шарттары: -баланы шынайы әлеммен таныстыру; - ерте жаста ойын біліктерін игеру; - құрастыруды үйрету. Психологиялық және педагогикалық зерттеулер, сондай-ақ балабақшалардың тәжірибесі ерте балалық шақпен салыстырғанда іс- әрекеттерінің сипаты өзгеретін, балалардың шығармашылық қабілеттері дамуының бастамасы мектепке дейінгі жас екенін дәлелдейді. Барлық жағдайларда ойын барысында балалардың ойыннан алған эмоционалдық қанағаттануын ойынның соңына дейін сақтау қажет. Балалар есейе келе ересекпен бірлескен ойын түрі өзгертілуі және күн тәртібінде бөлінген уақыт аралығында дербес ойындардың үлесі ұлғайтылуы тиіс. Тәрбиешінің міндеті- балаға жақсы ойын сюжеті бола алатын тақырыпты таңдауға көмектесу. Балалардың қызығушылығына, олардың жастарына және тәрбиелік міндеттерге байланысты аймақ бұрышын безендіруде топтың барлық кеңістігі пайдаланылады. Ойын бұрышында барлығына сүйкімді көрінетін, балаларды әрекетке ынталандыратын қуыршақ орналастырылады. Ойын бұрыштарының мазмұны және олардағы құрал-жабдықтар балалардың жастарына сәйкес болады, олар мыналарды қамтиды: Ерте жас тобында (1жастан 2жасқа дейін) ойын іс-әрекет ретінде қалыптасу кезеңінде болады, балалар әлі тек ойын әрекетерін үйренеді. Тәрбиешінің міндеті: -ойын әрекеттерін үйрету: тұрмыстық және еңбек әрекеттеріне еліктеу; -балаларды заттармен және ойыншықтармен әрекет етуге, оларды күрделі емес сюжетке біріктіруге үйрету; -2-3 құрдасымен өздігінен ойын әрекеттерін ұйымдастыруға үйрету, мейірімді қарым-қатынас қалыптастыру; - тәрбиешінің көмегімен балаларды ойыншықтармен таныс әрекеттерді жаңа ойындық жағдаятқа енгізе білуді дамыту; - рөлдерге сәйкес әрекеттерді орындай білуді дамыту; - ойында 2-3 бірізді эпизодты орындай білуді дамыту. Құрал-жабдықтар: шағын перде және қуыршақтар жиынтығы; тәрбиешінің жасаған театры (қондырма – бастары бар конустар, маскалар, декорациялар); дайын костюмдер, ертегілерді ойнауға қолданылатын маскалар, қолдан жасалған костюмдер; саусақ, үстел үсті, жұмсақ және тоқыма ойыншықтар театры, бейнелі музыкалық ойыншықтар, ән айтатын және қозғалатын ойыншықтар. Ерте жас тобындағы балаларға арналған сюжетті-рөлдік ойындар: «Анасы мен қызы», «Аурухана», «Автобус». Екінші кіші топта (3 жастан 4жасқа дейін) ойын дағдыларын қалыптастыру және дамыту жалғасады. Тәрбиешінің міндеті: -қоршаған ортадан бақылағандары, әдеби шығармалар бойынша ойындардың туындауына жағдай жасау; -балалармен бірлескен ойындарда рөлді таңдауға және ойында бірнеше өзара байланысты әрекеттерді орындауға (зат сатып алу, түскі ас дайындау,дастархан жасау), бірлескен ойында құрдастарымен бірге рөлді орындауға үйрету; -балалармен бірлескен ойындарда сюжетте 2-3 ойнаушы адамдармен рөлдік өзара әрекетке үйрету, жеке ойындарда ойыншық- серіктестерімен рөлді өзі және ойыншық үшін орындауға үйрету; -балалардың ойынға өздігінен атрибуттарды таңдауға талпынысын көтермелеу, ойын жағдайын жетіспейтін заттармен және ойыншықтармен толықтыру; балаларды ойындарда құрылыс материалын пайдалануға үйрету. Екінші кіші топтағы балаларға арналған сюжетті-рөлдік ойындар: «Анасы мен қызы», «Аурухана», «Автобус», «Мен- жүргізушімін», «Дүкен», «Балабақша», «Дәмхана», «Үй саламыз», «Шаштараз», «Қыдыруға барамыз», «Бізге қонаққа келіңіз», «Ойыншықтарды ұйқыға жатқызу». Ортаңғы топта (4 жастан 5 жасқа дейін): Тәрбиешінің міндеті: -бірнеше рөлдерден тұратын балалармен бірлескен ойындарда балалардың ынтымақтаса білуін жетілдіру, рөлдерді бөлісуге, ойын әрекеттерін ойынның түпкі ниетіне сәйкес орындауға үйрету; - балаларды ойынға жағдай жасауға үйрету- заттар мен құралдарды іріктеп алу, ыңғайлы орынды таңдау; - ойынға қажет құралдарды құрылыс материалдарынан, пластмасса және ағаш конструкторлардан құрастырып, пайдалана білуді дамыту; - алмастырушы-заттарды қолдана білуді дамыту. Ортаңғы топтағы балаларға арналған сюжетті-рөлдік ойындар: «Анасы мен қызы», «Аурухана», «Автобус», «Дүкен», «Балабақша», «Дәмхана», «Цирк», «Құрылысшылар», «Шекарашылар» және т.б. Ересек және даярлық топтарында (5 жастан 6 жасқа дейін): Тәрбиешінің міндеті: -ойынға өздігінен тақырып ойластыра білуді дамыту; -телехабарлардан, әдеби шығармалардан, қоршаған ортаны қабылдауда алған білімдері негізінде сюжетті дамыту; -рөлдерді дау-жанжалсыз бөлісуге, қажетті құралдарды дайындауға үйрету; -ұжыммен ойынға қажетті құрылыстар тұрғызуға, бірлесіп жасалатын жұмысты жоспарлауға, ойластырылған әрекетті бірге орындауға үйрету; -құралдарды өздігінен іріктеуді және дайындауды, алмастырушы- заттарды қолдана білуді дамыту. Ересек топтардағы балаларға арналған сюжетті-рөлдік ойындар: «Балабақша», «Отбасы», «Емхана», «Дүкен», «Дәмхана», «Сұлулық салоны», «Құрылысшылар», «Кітапхана», «Зообақ», «Дәріхана», «ЭКСПО құрылысы» «Мектеп», «Банк» және т.б. Рөлдік әрекеттерді дамыту үшін түрлене білу қажет. Ол үшін қолданылатын костюмдер мен атрибуттар (анасының алжапқышы, дәрігердің ақ халаты, милиционердің фуражкасы) балаларға қол жетімді арнайы шкафтарда немесе киім ілгіште сақталады. Топта ойыншықтар түрлі ойын аймақтарына балалар бір-біріне кедергі жасамай, шағын топтармен ойнай алатындай етіп орналастырылады. Сюжетті-рөлдік ойын ұжымдық сипатта болады және бала есейген сайын күрделенеді. Ойын мазмұнын күрделендіру келесі бағыт бойынша жүзеге асырылады: -мақсаттылықты, бейнелетін заттың бірізділігін, байланысын нығайту; -кең түрдегі ойындық жағдаяттан шағын түрге біртіндеп ауысу, ойындағы бейнені жалпылау (шартты және символикалық әрекеттерді, сөздердің ауыспалы мағынасын қолдану). Қорытынды: сюжетті-рөлдік ойында түпкі ойды дамыту баланың ақыл-ойының дамуымен, қызығушылықтарының қалыптасуымен байланысты. Мектеп жасына дейінгі балаларда өмірдегі түрлі оқиғаларға, ересектердің еңбектеріне қызығушылық байқалады.
Объявление от Asia.kz:
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы

Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам

 
Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
Реклама от Asia.kz:
Создайте себе сайт-визитку бесплатно!  

Конструктор сайтов и интернет - магазинов в казахстане
 

asia.kz/create/shop/  
 
Пожаловаться на сайт